"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеленый бор ауылының "Ромашка" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли- сад "Ромашка" села Зеленый бор при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бос және уақытша бос лауазымдарға орналасуға Конкурс

Ақмола облысы Білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеленый бор ауылының "Ромашка" бөбекжай-бақшасы " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Мекенжайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Зеленый бор ауылы, Марыарка шағын ауданы 1/5А, телефон: 8716(36)74212, электрондық мекенжайы: bistrova_svetik@mail.ru

бос және уақытша бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

1.Әдіскер

Функционалдық міндеттері: Білім беру ұйымдарының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады; оқу, оқу-тақырыптық жоспарлар мен бағдарламалар жасайды; балаларға арналған білім беру бағдарламаларын таңдауға (әзірлеуге) қатысады; жас топтары бойынша сабақтар торын жасайды; Оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын, нысандарын, әдістері мен құралдарын анықтауға көмек көрсетеді; балаларға арналған білім беру бағдарламаларын әзірлеуді, рецензиялауды және оларға оқу-әдістемелік құжаттаманы, құралдарды бекітуді қамтамасыз етеді; инновациялық педагогикалық тәжірибені анықтауды, зерделеуді, таратуды және енгізуді қамтамасыз етеді; топтарды оқу құралдарымен, ойындармен, ойыншықтармен толықтыруды ұйымдастырады; оқу - әдістемелік және тәрбие жұмысының жай-күйін талдайды; тәрбиешілер үшін сабақтар, мастер-кластар, семинарлар, жеке және топтық консультациялар, көрмелер, конкурстар өткізеді, шығармашылық топтардың жұмысын ұйымдастырады; оқу-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттің деректер банкін қалыптастырады, есепке алу және есеп беру құжаттамасын уақтылы ресімдейді тәрбиешілердің, психологтың, логопедтің, музыкалық жетекшінің, ұйымның басқа мамандарының өзара іс-қимылын үйлестіреді; ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын үйлестіреді; тәрбиешілер, олардың көмекшілері лауазымдарына кадрлар іріктеу және оларды көтермелеу жөнінде ұсынымдар енгізеді; педагогтердің біліктілігін арттыру және біліктілік санаттарын беру (растау), аттестаттау жөніндегі жұмысты үйлестіреді.

2.Мемлекеттік тілде оқытатын топқа тәрбиеші уақытша, бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңіне

 

Функционалдық міндеттері: балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді, оларды тәрбиелеу мен оқытуда Денсаулық сақтау технологияларын қолданады; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады; режимдік сәттерді (таңертеңгі қабылдау, таңертеңгі гимнастика, күн ішінде тамақ ішу, балалар іс-әрекетін (ойын, шығармашылық, танымдық, қозғалыс, бейнелеу, еңбек, эксперименттік, дербес және өзге), серуендеуді, күндізгі ұйқыны, жеке жұмысты, сауықтыру іс-шараларын ұйымдастырады және өткізеді, заттық-дамытушы ортаны құрады) басқарады; балалармен жұмыс жасаудағы тұлғаға бағытталған тәсіл; дамуында ауытқулары бар балалармен түзету қызметі саласындағы мамандарға көмек көрсетеді, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын, оқу-әдістемелік әдебиетті зерделеу негізінде және топ балаларының жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие-білім беру процесін жоспарлайды; қол жеткізілген нәтижелерді талдау негізінде тәрбие-білім беру қызметін жобалайды; мектепке түсу кезінде бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін білім беру ортасына ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды әлеуметтендіруді жүзеге асырады; мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар әрбір балаға жеке қарауды қамтамасыз етеді; мектепке дейінгі ұйымда өткізілетін іс-шараларға (кеңестер, педагогикалық және әдістемелік кеңестер, конкурстар және өзге де) қатысады; мектепке дейінгі ұйымдарда өткізілетін іс-шараларды (кеңестерді,педагогикалық және әдістемелік кеңестерді, конкурстарды және отандық және шетелдік тәжірибені зерделеу негізінде үздік тәжірибелерді жинақтау, тарату және енгізу; мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;;

2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – Бар болса);

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; ;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;;

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағы.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

2022 жылғы 18 тамыздан 26 тамызға дейін.
Құжаттар электронды және қағаз түрінде жіберілуі тиіс.
Кандидат болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Құжаттардың біреуінің болмауы кандидатқа құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады.

Қосымшалар:

Жаңартылған күні: 17.08.2022 15:42
Құрылған күні: 20.06.2023 18:04

Текст