"Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
1."Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – балаларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет) барлық түрдегі мектепке дейінгі ұйымдар (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Балаларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Қағидаларға 4-қосымшаның 8 – тармағына сәйкес құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне не "электрондық үкімет" веб-порталына (бұдан әрі-портал) ұсынады.
Балаларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамалары, қызмет көрсетудің нысаны, мазмұны мен нәтижесі, сондай-ақ балаларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес "мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын талаптардың тізбесінде келтірілген.
Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" балаларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат көрсетіледі, сондай-ақ балаларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама орналастырылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі Қағидаларға 4-қосымшаның 8-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, оларды ұсынылған құжаттардың толықтығына тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші баланы мектепке дейінгі ұйым мен ата-анасының бірі немесе баланың заңды өкілі арасында жасалған шарт негізінде мектепке дейінгі ұйымға қабылдауды жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы Қағидаларға 4-қосымшаның 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші балаларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті беруші 30 минут ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.