"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеленый бор ауылының "Ромашка" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли- сад "Ромашка" села Зеленый бор при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жүктілік және босану бойынша демалыс, бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңіне арналған уақытша бос орын

04.02.2026

Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеленый бор ауылының "Түймедақ" бөбекжай-бақшасы " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 
Мекен-жайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Зеленый бор ауылы, Марыарқа шағынауданы 1 / 5А, телефоны: 8716 (36) 74212, электрондық мекенжайы: bistrova_svetik@mail.ru уақытша бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: тәрбиеші мемлекеттік тілде оқытатын топқа, жүктілік және босану бойынша демалыс, жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңіне уақытша бала күтімі бойынша
Функционалдық міндеттері: балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді, оларды тәрбиелеу мен оқытуда Денсаулық сақтау технологияларын қолданады; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына, мектепке дейінгі тәрбие мен жас тобын оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған қызмет кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады; режимдік сәттерді ұйымдастырады және өткізеді (таңертеңгі қабылдау, таңертеңгілік гимнастика, күн ішінде тамақтану, балалардың іс-әрекетін басқарады (ойын, шығармашылық, танымдық, қозғалыс, бейнелеу, еңбек, эксперименттік, дербес және басқалар), серуендеу, күндізгі ұйқы, жеке жұмыс, сауықтыру іс-шаралары, пәндік-дамытушы орта жасайды);  балалармен жұмыс жасаудағы тұлғаға бағытталған тәсіл; дамуында ауытқулары бар балалармен түзету қызметі саласындағы мамандарға көмек көрсетеді, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді зерделеу негізінде және топ балаларының жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие-білім беру процесін жоспарлайды; қол жеткізілген нәтижелерді талдау негізінде тәрбие-білім беру қызметін жобалайды; мектепке түсу кезінде бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды білім беру ортасына әлеуметтендіруді жүзеге асырады; мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар әрбір балаға жеке көзқарасты қамтамасыз етеді; мектепке дейінгі ұйымда өткізілетін іс-шараларға (кеңестер, педагогикалық және әдістемелік кеңестер, конкурстар және т. б.) қатысады; мектепке дейінгі отандық және шетелдік тәжірибені зерделеу негізінде үздік тәжірибелерді жалпылау, тарату және енгізу; мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық көмек көрсетеді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 
      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
      2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-Бар болса);
      4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
      5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
       6) "Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
      7) психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар науқастарды динамикалық байқаудың жоқтығы туралы анықтама:
      8) наркологиялық науқастарды динамикалық байқаудың жоқтығы туралы анықтама;
      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
       10) 17,18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
      11) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқудан ұсыным хат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 
      2026 жылғы 4 ақпаннан 12 ақпанға дейін.
Құжаттар электронды және қағаз түрінде жіберілуі тиіс.
Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
 Құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

Просмотров: 554


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст