Аққаланың дүкені ертеңгілік орта тобы.
Балалар
әуенмен залға кіреді.
Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
Бірақ,... шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен,
сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!
Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет
(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)
Жүргізуші: Міне, керемет, қол ұстасып әнімізді
шырқайық.
Ән: «Шырша жыры»
Такпақтар Инжу, Рамина, Альмира,Мейіржан,Арлан,
Айзере,Аянат
Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтар тізілген
Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз
Бүгін біз көңілдіміз,
Жаңа жылды қарсы алып.
Мерекеге келгендерді
Құттықтаймыз ән салып
Арлан Аяз ата тыңдаңыз
Тақпақ айтып берейік
Ортамызда шыршамыз,
Ойнап бірге,күлейік.
Ақшакар. Сәлеметсіз бе,балалар! Әнді керемет айтасыңдар. Мен әнді естип сендерге
келдім. Орманда маған қарға бір жаналық айтты. Аккаланың дүкені бар екен.
Барамыз ба балалар?
Балалар Ия барамыз
Ән ырғағымен залдан
шығып кетеді коридорға осы кезде залда
Аққаланың дүкені пайда болады
Аққала Сәлеметсіз бе балалар! Мен көнілді аққаламын.
Қош келдіңдер менің дүкеніме. Қараңдаршы қанша сыйлықтар бар.
Ақшақар Аққала дүкенің қандай күшті.
Аққала Менің дүкенім жай дүкенге ұқсамайды, сиқырлы дүкен.
Ішіндегі заттары сиқырлы,мен оларды ақшаға сатпаймын оны әнмен,бимен сатып
аласыңдар.Міне сыпырғыштар бар әдемі.
Жүргізуші. Бұл сыпырғыштар біздің аққалаларымызға керек . Қане
сыпырғышты алып аққаланың дүкенің тазартып қояйық.
Такпактар Даниал, Досжан, Алдияр,
Алинур,Марат,Әуез, Арыслан,Исмаил,Рамазан
Исмаил Жаңа жыл,Жаңа жыл
Төгілсін жаңа нұр
Сыйлығын сүйретіп,
Келді міне,Жаңа жыл
АрысланАяз ата жол салып,
Ақ боранмен
алысқан.
Балаларға базарлық,
Алып келді алыстан
РамазанСақалы аппақ
күмістей
Тістері аппақ
күріштей
Нұр жайнаған ажары
Сағындық аяз атаны
Би Аққала сыпырғышпен.
Аққала Қорапты ашып ; Міне сиқырлы қолғап бар.
Жүргізуші. Бұл қолғаппен біздің балалар ойын ойнасың.
Ойын Қолғап
Аққала. Тағы бір сыйлықты ашып көрейік не бар екен. Сиқырлы
шырша.
Жүргізуші. Аққала біздің шыршалардың биін тамашала.
Би Шыршалар
Тақпақтар Үлжан, Айлин,Кәмшат,Дильназ, Аруна,Куснижамал
КәмшатЖаңа жылды қарсы
алдың,
Мініп алып
күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.
Дильназ Бізбен бірге
ойнайды
Жаңа жылды тойлайды
Барлық бала бақытты
Болса екен деп ойлайды.
АрунаКел, балалар ,тақпақты
Тақылдатып айтайық
Аяз ата таң қалсын
Сыйлық алып қайтайық
Бүкіл заттарды шыршаның астына қояды балалар.
Аққала.Балалар менің дүкенім бос болып қалды, сендер бәрин сатып
алдыңдар.
Ақшақар Аққала мынау не? (Аязатаның
таяғына көрсетеді)
Аққала Ой бай бұл жаңадан
жасалған таяғы ғой, ескісің сындырып алған орманда. Сиқырлы таяқты алындар ол
сендерге Аяз атаны көмектеседі табуға. Сау болыңдар балалар. Жаңа жыл құтты
болсын!
Ақшақар Қане ән шырқап, қол устасып Аяз атаны іздейік!
Жүргізуші. Балалар шеңберге тұрып
жаңа жыл әнің айтайық.
ӘН Жаңа жыл
Ақшақар Міне Аяз атаның уйде. Тыныш балалар. Аяз ата күні бойы
сыйлықтарды дайындап шашап калған ғой.
Қазир мен оны оятайын. Аяз ата тұрыныз, балалар келді. Естімейді
Қараныздар
оянған жоқ. Естімейді мүмкін оны қоныраумен оятайық міне шыршаның астында қонырау бар екен.
Оркестр
колокольчиков
Аяз ата. Оянып. Недеген айқа шу, бұл не дыбыс
Балалар орыңдықтарға отырады
Аяз ата Маған қонаққа келдіңдер ме! Сәлеметсіз бе менің суйкімді
балаларым! Мені кешіріндер ұйықтап қалдым.
Ақшақар Аяз ата мынау таяқты саған Аққала берді.
Аяз ата Рахмет,
ескі таяғым орманда сынып қалған. Ал сендер тағы не дайындадыңдар маған?
Жүргізуші. Балалар би, ән дайындап келді.
Би «Қоныраугул»
Ән «Аққала»
Есік қағылады.
Аяз ата.Кім қонаққа келді?
Аю, кіреді
Аю. Аяз ата жаңа жыл келе жатыр менің қонжықтарым сыйлық
тосып отыр
Аяз ата Ал сенің қонжықтарың не дайындады жаңа жылға?
Аю. Олар тақпақ айтып береді, би де дайындады.
Тақпақтар Алиби, Абике, Әділхан, Мади, Қажыкен, Жахангир, Санжар,
Уалихан, Нурали
Қажыкен Аязды келіп
қыс
Алғашқы қар ұшты
Аппақ болып үстіміз
Ақ қырау жабысты.
Жахангир Кең пейілді, мол мейірлі
Сағынышпен табысқан
О,алақай ,аяз атай
Келе жатыр алыстан
Нурали.Қыстың күні
көңілді
Көп қызықты көреміз
Шығып алып далаға
Сырғанақты тебеміз
БИ «Қонжықтар»
Аяз атаЖарайсың Аю! Міне сенің қонжықтарына тәтті сыйлық – бал!
Аю
Рахмет Аяз ата, жаңа жылдарынызбен! Аю кетеді
Есік
қағылады.
Аяз ата. Кім тағы да келді? Қоян,
кіреді.
Қоян. Аяз ата жаңа жыл келе жатыр менің көжектерім сыйлық тосып
отыр
Аяз ата. Ал сен менің қонаққтарымды ойнат,күлдір сонда болады саған сыйлықтар.
Қоян. Ойнатамын Аяз ата! Қане шеңберге тұрайық!
Ойын «Мы повесим шарики»
Ойын «Зайчата у костра»
Аяз ата. Жарайсын міне саған тәтті сәбіздер.Қоян кетеді
Есік
қағылады.
Аяз ата Кім бұл?
Ата аналар. Ата аналармыз.
Аяз атаА Неге келдініздер?
Ата аналар. Аяз ата жаңа жыл келе жатыр. Біздің балаларымыз сыйлықтар тосып отыр.
Аяз ата Сыйлықтар?Ал
балаларыныз ән біле ме шырша туралы?
Жүргізуші. Ия біледі Аяз ата
ӘН «Шыршаға бардық»
Игра в снежки
Аяз ата Жарайсыңдар балалар!
Ал енді сыйлық алатын кез келді. Менің сиқырлы таяғым
маған көмектеседі қазір. Бір, екі, үш,
Елік кіреді
шанамен сыйлықтарды әкеледі.
Сыйлықтарды
тарату
Аяз ата: Балалар, мен біраз
дем алдым..Сендерге көп рахмет. Сендермен қоштасатын сәт туды. Қош сау
болыңыздар, балалар.Жаңа жыл құтты болсын!
Жүргізуші:
Міне, қымбатты
балалар, бірлесіп, достасып өткізген мереке
қашанда қуанышты өтеді.Достық, бірлік бәрін де жеңеді. Жаңа жылдарыныз құтты
болсын!