Текст
Аппликация математикалық түсініктердің дамуына ықпал етеді. Мектеп жасына дейінгі балалар қарапайым геометриялық пішіндердің атаулары мен белгілерімен танысады, заттардың және олардың бөліктері мен шамаларының кеңістіктік орналасуы туралы түсінік алады (көп, аз). Бұл күрделі ұғымдарды балалар объектіні бөлшектеп бейнелеу процесінде оңай игереді. Сабақ барысында мектеп жасына дейінгі балалар түс, ритақ, симметрия сезімдерін дамытады және осы негізде көркемдік талғам қалыптасады.