"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеленый бор ауылының "Ромашка" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли- сад "Ромашка" села Зеленый бор при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңажылдық мереке сценарийі.

08.01.2018

 

Жаңажылдық мереке сценарийі

Тақырыбы:       «Құтты болсын Жаңа жыл»

Мақсаты:     балаларға мерекелік көңіл күй тудыру;

шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне назар аудару; балалардың

Аязатаның,  Ақшақардың киімдеріне назар

аударту; көңілді ойындар ойнату; достық қарым-қатынасын ояту, бірлескен ойындар

ұйымдастыру, аудиторияға мерекелік көңіл күй жасау.

Мерекенің

жүрісі:

Балалар әнмен бір – бірінің артынан залға кіреді.

Ақшақар: Армысыздар, аяулы ұстаздар,

ата-аналар!

Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып

кетіпсіңдер. Ал, бүгін балалар, қандай мереке?

Балалар:     Жаңа жыл!

Ақшақар: Мен білемін бір ойын.  Үйретейін сендерге.

 Мен бастаймын, ал, сендер аяқтаңдар

ойынды. Хормен жауап айтыңдар!

               Қарға мүлгіп дала тұр,

               Келе жатыр....

Балалар:         Жаңа жыл!

Ақшақар:  

Қызыл мұрын, ақ мұртты

                     Білсең атын тез

ата,

                      Келеді бізге

....

Балалар:         Аязата!

Ақшақар:           Шырша бүгін кәделі!

                              Сендер әрі ......

Балалар:     Әдемі!

Ақшақар:            Көңілсіз бір бала жоқ,

                          Ойын- күлкі

таралсын

                              Құтты

болсын .....

Балалар:        Жаңа жыл! (3 рет)

Ақшақар:  

Балалар, бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, сән құрап

тұрып, қол ұстасып жүріп ән салайық.

Ән  «Шырша жыры»

Сауысқан хат әкеледі.

Сауысқан: Орманның үстінде ұшып

жүріп Аязатаны көрдім. Ол сендерге келе жатыр. Маған сендерге деп хат жіберді.

Ақшақар оқып берші – не жазылып тұр. Мен оқу білмеймін.

Ақшақар хатты оқиды.

Ақшақар: 

Балалар, ортамыздағы әсем не?

Балалар:        Шырша!

Ақшақар: 

Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Ал, кім бізге шыршаға

арналған өлеңдерін айтып берер екен?

Алишер:                 Тамаша, тамаша,

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.

Ақшақар: 

Жарайсың, қандай жақсы тақпақ! (шыршаның жанына жақындап келіп)

Ақшақар: 

Ата-аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді, біздің Жаңажылдық

мерекемізге кім жетіспейді?

Балалар:     Аязата.

Ақшақар: 

Балалар, енді Жаңажылдық мерекемізге Аязатаны шақырайық. Ол орманда

жүріп адасып кеткен болар.

Музыка

ойнап тұрады.                                                         

Балалар: 

Аязата, Аязата  (деп 2 рет

айтқанда, есік ашылады.

Аязата:     

Сәлематсыңдар ма, балалар!

Күнтізбеде қалыпты

Жалғыз ғана бір парақ.

Дайындалдым жыл бойы,

Жолға шығар келді уақ!

Шақырымды жүздеген

Басып өту мен үшін

Жаңа жылдың түнінде

Жасыл шырша түбінде

Кездессем деп сендермен,

Таратсам екен сыйлықтар,

Одан асқан не сый бар.

Қуаныш сыйлау балаға                                       

Одан зор бақыт бола ма!

  Сендерді көргеніме сондай

бақыттымын!

Аязата:      Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған

сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!

                    Қуант, бізді таңырқат

                     Шамдарыңды

жарқырат!

                   (3 рет айту керек)

Балалар:           Қуант, бізді таңырқат

                     Шамдарыңды жарқырат!

                  (қолдарын

шапалақтатады)

Шырша жарқырайды.

Ақшақар: 

Қандай әдемі, неткен сұлу шырша!

Хоровод құру. Ән «Кішкентай

шырша»

Ақшақар: 

Біздің балалардың өнерлері көп. Олар Жаңа жылға арнап тақпақтар жатап

келді.

Аязата: 

Кел жақындандар, менің құлағым дұрыс естімейді, қартайдым, қарандар

қандай ұзын сақалым бар.

Балалар тақпақтарын айтады.

Аязата кәмпиттерін таратады.

 Аязата:  Балалар, мен сендерге  аппақ- аппақ ойын әкелдім. Ойнаймыз ба?

Ойын: «Тығылмақ»

Қыздар биі «Ақ ұлпалар»

( қыздар шыршаның алдына тұрады, қолдарына ұлпаларды алып)

Ойын «Мұздаймын» ( Аязатамен ойнайды)

Ұлдар биі «Жануарлар билейді» ( музыка жағылады)

Ойын «Қар лақтыру»

Ойын «Шығармаймын»

Сауысқан терезені қағады. Шанамен сыйлықты кіргізеді. Сыйлықтарды тарату.

 Ақшақар:

Мінекей, балалар, сендермен қоштасатын да кез келді. Сендерді қимай тұрмыз,

барлығың да көңілді, әдемі бала екенсіңдер.

                 Жаңа жылда, балалар,

                  Тек қуаныш

көріңдер.

                  Ауырмаңдар ешқашан,

                  Мықты болу өзіңнен.

 

Ақшақар:     Жаңа жылда, балалар,

                         Тек жақсылық көріңдер.

                        Жылау, ауру,

жамандық

                         Қастарыңда

болмасын

                        Сау болыңдар, балалар!

 

 

Просмотров: 429


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст