"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеленый бор ауылының "Ромашка" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли- сад "Ромашка" села Зеленый бор при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын

05.01.2018

Білім

және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары

мен шарттарын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта

білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік,

орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім

беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген

тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27

қаңтардағы № 83 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016

жылы 29 ақпанда № 13317 болып тіркелді.

       2015 жылғы 23

қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 139-бабының 7-тармағына

сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

       1) осы бұйрыққа

1-қосымшаға сәйкес Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді

аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары;

       2) осы бұйрыққа

2-қосымшаға сәйкес Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта

білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік,

орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім

беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген

тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары бекітілсін.

       2. "Білім

және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары

мен шартын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта,

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу

бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог

қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу

қaғидалары мен шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және

ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 7 тамыздағы № 323 бұйрығының

(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8678 болып

тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі №

220 (28159) санында жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      3. Әкімшілік департаменті (А.М.

Қайырбекова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан

Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен

кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және

"Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау

банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің

Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы

республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды

қамтамасыз етсін.

      4) осы бұйрық Қазақстан

Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні

ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң

департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген

іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысына

жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми

жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының



Білім және ғылым Министрі

А. Сәрінжіпов



Просмотров: 349

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст