Кәсіподақ қызметкеріне кеңестер
1. Тыңдап үйрен. Тыңдау кезінде өзіңіздің қате түсінігіңіз туралы ұмытыңыз,
қорытынды жасауға асықпаңыз, дәлел мен пікірдің айырмашылығын біліңіз.
Адамдарды емес, ой-пікірді жіктеңіз.
2. Бәрін білемін деп ойлап өзіңізге ғана сену қате. Адамдардың ескертулерін, егер
олар қате болса да ықыласпен тыңдаңыз. Болмаған жағдайда келесі жолы ол адам
маңызды себептерде үндемей қалады және сіз нақты іс тәртібі туралы керекті
ақпаратты білмей қаласыз.
3. Орындалатынына сеніміңіз болмаса уәде бермеңіз. Әрбір уәдеңізді салмақтап
отырыңыз және оны барлық күш-жігеріңізбен орындаңыз.
4.Кәсіподақ мүшелерімен қарым-қатынаста өзара сенімділік ахуалын құрыңыз. Егер
олардың жұмысына немесе қауіпсіздігіне қатысты сіздің ақпаратты айтқыңыз келмей
тұрғанын байқаса, олар сізден не қорқатын не күмәнданатын болады және сіздің
барлық бастауларыңызда қарсылық білдіретін болады. Мүмкіндігінше қоластындағы
адамдарыңызға еркіндік беріңіз. Қол астындағы адамдардың белгілі бір жағдайға
жетудегі тілегімен бөлісіңіз және оларға жағдай жасауға тырысыңыз. Қол
астындағы адамдарыңыздың жіберген қателігін түсіуге тырысыңыз, дегенмен оның
жіберген қателігінен істі атқаруға тырысып қорытынды шығарғандығы маңызды.
Адамдардың адал ісіне ғана емес ниетін де қараңыз.
5.Олардың өздері жоқ кезде қол астындағы адамдарыңыз, қызметкерлер, басшылық,
өзіңіздің жаныңыздағы кез келген адам туралы жағымсыз теріс пікір айтпаңыз,
оларға кінә тақпаңыз және өздері жоқта мінездеріне көңіліңіз толмағандығын
білдірмеңіз. Өзі жоқ адамның қылығын талқылаудан аулақ болыңыз. Егер басқа
біреу туралы сіздің пікіріңізді жеке ресми түрде сұрайтын болса, еш бүкпемесіз
оның жақсы жақтарын айтудан бастаңыз. Адамдардың кемшіліктерін өсіріп айтпаңыз,
қажетсіз жағдайда төреші болмаңыз.
6.Өзіңізді ұстауға тырысыңыз. Әсерге тым берілгіш болмаңыз және оны көрсетпеңіз.
Өз-өзіңізді бақылауға дағдыланыңыз.
7.Жанжал болған жағдайда қатты және жаман сөздерден аулақ болыңыз. Дөрекілікті
қолдамаңыз. Дөрекілік пен талап ету екі түрлі.
8.Өз ойыңызды анықтап алыңыз. Адамның сөйлеу мәнерінде кәсіби сауаттылық,
құзырлылық, жалпы мәдениет пен адамгершілік қасиеттер байқалатын болады.
9.Өзіңізден көмек күтіп тұрған адаммен әділ болыңыз. Өте маңызды болмасада ешбір
өтінішті ешқашан ұмытпаңыз.