"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеленый бор ауылының "Ромашка" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли- сад "Ромашка" села Зеленый бор при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қысқы кезеңде балалардың тамақтануы

11.12.2017

Ата-аналарға кеңес

Қысқы кезеңде балалардың тамақтануы

 

Автор: А. Айтымова

Қысқы кезеңде 

баланың дұрыс тамақтануын ұйымдастырудың өз ерекшеліктері бар. Төмен ауа

температурасы бала ағзасына ерекше әсер етеді. Бәрінен бұрын, бұл жылуды көп

бөлу, яғни ағза көп қуат шығындайды, ол зат алмасудың барлық түрлеріне зор

ықпал етеді. Өсіп келе жатқан қуат шығындарының орнын толтыру мақсатында

бірінші кезекте тағам құрамында ақуызды көбейту керек. Бала күн сайын ет және

балық, сүт тағамдарымен сонымен қатар сүзбемен қоректенуі қажет. Қышқыл сүт

тағамдары, жеңіл қортылатын белок ерекше пайдалы, ал ең маңыздысы – ішек

құрылысының микрофлора құрамына жағымды ықпал етеді және осылай бала

денсаулығының жағдайын қалыпты жағдайда ұстайды. Қысқы кезеңде бала суық тиіп, тыныс

алу жолдарының және басқа да жұқпалы аурулармен жиі ауырады, нәтижесінде ауырып

жүргендермен қарым-қатынас қана емес, денесінің салқындауы оның ауруға қарсы

күресуін төмендетеді. Баланың ауруға төзімділігі көбінесе оның ағзасының

дәрумендерге бай болуынан байқалады. Аскорбин қышқылы, В, А тобының

дәрумендерінің, сонымен қатар А дәрумені құралатын каротиннің рөлі өте ерекше

жоғары. Сондықтан балаға берілетін азық құрамына мақсатты түрде күнделікті

дәрумендерге өте бай азық-түліктер қосу керек: балғын көкөніс пен жемістер,

аскөктер. Қысқы уақытта көкөніс пен жемістер ұзақ сақталатындықтан дәрумендер

құрамы тез төмендейді. Сондықтан балаларға көкөніс пен жемістерге қоса дәрумендерге

бай өнеркәсіп өндірісінің сусын, жеміс-жидек шырындарын берген жөн. Қазіргі

заманғы технологиялардың арқасында дәрумендердің сақталуы кепілденген тез

мұздатылған азық-түліктерді пайдалануға болады.

Просмотров: 621


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст