"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеленый бор ауылының "Ромашка" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли- сад "Ромашка" села Зеленый бор при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата-аналарға арналған жадынама

12.10.2017

Құрметті ата-аналар!

 

Сіздің балаңыз біздің балабақшаға тез бейімделуі,

тәрбиешілерге, өмірдің жаңа шарттарына, күн тәртібіне үйренуі үшін бізге сіздің

қолдауыңыз және ынтымақтастығыңыз қажет. Алдымен бірнеше қарапайым ережелерді

орындауға тырысыңыз:

1.    Баланы балабақша

күнделікті бір уақытта алып келіңіз.

 

2.    Тәрбиешіні атымен,

әкесінің атымен атаңыз.

 

3.    Баланың бейімделу

уақытында оған үйде байсалды ықыласпен қарау – жетістіктің кепілі!

 

4.    Баланы кешкі ұйқыға

уақытында жатқызу керек.

 

5.    Баланың киімі өте

үлкен немесе тар болып қозғалысына кедергі келтірмеуін қадағалаңыз. Дұрыс

таңдалған киіммен бала еркін қозғалып, аз шаршайды. Байланатын баулар мен

тағылатын түймелер баланың өзіне шешуге ыңғайлы болуы тиіс. Аяқ киім жеңіл,

жылы, баланың аяғына шақ болуы, оңай шешіп-киілуі керек. Балаға беторамал

серуенге шыққанда, бөлмеде жүргенде де қажет.

 

6.    Бала жарақат алып

қалмасы үшін күнделікті киімінің қалталарын қауіпті заттардың болмауын тексеріп

отырыңыз. Балабақшаға өткір, шыны заттар, сонымен қатар ұсақ моншақтар,

түймелер, сағыз, дәрілер алып келуге тыйым салынады.

 

7.    Балаға бағалы

әшекей бұйымдарды тақпағаныңыз дұрыс. Есіңізге саламыз, егер жоғалған жағдайда

тәрбиешіге материалдық жауапкершілік жүктелмейді.

 

8.    Үйде баланың

көзінше қауіптенген күмәніңізді, балабақшаға қатысты талап-тілектеріңізді

талқыламаңыз, бірақ міндетті түрде тәрбиешімен немесе психологпен бөлісіңіз.

 

  Ең бастысы үздік бейімделуде сіздің дұрыс көңіл аударуыңыз, педагогтардың нұсқауын және күн тәртібін сақтау болып табылад

Просмотров: 521


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст