"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеленый бор ауылының "Ромашка" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли- сад "Ромашка" села Зеленый бор при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәлімгерлік балабақшада

30.01.2018

 

Жас тәрбиешіге қалай көмектесеміз?Оны тиісті арнаға қалай бағыттаймыз?Біздің балабақшада басқа балабақша секілді тәлімгерлік әдісі қолданылады. Әр жаңа келген

маманға тәлімгер – барынша тәжірибелі, өз жұмысын дұрыс ұйымдастыра білетін

маман бекітіледі. Тәлімгердің міндеті – жаңадан келген маманға балабақшада

қолданылатын жұмыс әдістері жөнінде айтып беру, әріптестерімен таныстыру және

т. б. Педагогты бейімдеу барысындағы оның рөлі күрделі әрі жауапты. Тәлімгер жұмысының міндеттері:

·       тәрбиешіге ұйымдағы жаңа беделін түсінуге және қабылдауға көмектесу;

·       жаңа әдеп нормаларын меңгеруге көмектесу;

·       жас маманның педагогикалық қызметке деген қызығушылығын қалыптастыру;

·       ұжыммен қарым-қатынасты реттеуге және қолдауға көмектесу;

·       жас мамандардың үздіксіз білімге деген сұранысын қалыптастыру және

тәрбиелеу, педагогтың кәсіптік қалыптасу процесін жеделдету;

·       бағыныштының міндеттерін өз бетімен және сапалы орындау қабілетін дамыту;

·       шығармашылық қызметтің жеке стилін қалыптастыруға ықпал ету;

·       жаңадан келген педагогты нақты біліммен және теорияны практикада қолдану

машықтарымен қаруландыру.

Кім тәлімгер бола алады? Ең алдымен, бұл өз

бағыныштысының деңгейі бірнеше деңгейге жоғары адам болуы тиіс, бұл нәтижелі

қарым-қатынасты және білімді нәтижелі жеткізуді қамтамасыз етеді. Тәлімгерлік

белгілі лауазымдық деңгейден бастап тәлімгердің өзінің мансаптық өсуін

айқындайтын талаптардың біріне айналуы тиіс. Алайда, әр тәлімгердің белгілі

кәсіби қасиеттері болуы тиіс:

·       өзінің кәсіби қызмет саласындағы тәжірибесі;

·       тәлімгер болу ниеті (егер тәлімгерлік қосымша

жүктеме ретінде қабылданса, онда бұл ерте ме, кеш пе сапада көрініс табады);

·       бағыныштысына көмектесуге деген шынайы ынта (жағдайға қарай жұмыс

нәтижелерін бағалауды қоспағанда);

·       өз уақыты мен күшін бағыныштысын дамытуға жұмсауға даярлық;

·       құрылымдық сынға қабілеттілік (бағалау жұмысты жақсарту

бойынша нақты ұсыныстардан құралуы тиіс);

·       бастамашылық таныту және үнемі кері байланыс орнату.

Жақсы тәлімгер бағыныштысының

қиындықтарынан үнемі хабардар және жылдың соңын күтпейді (қорытындылауда шешілмеген міндеттер тіркелетін кезді),

керісінше жаңадан келген педагогтың іс-әрекетін түзету үшін уақытылы шаралар

қабылдайды.

Тәлімгердің қызметі негізгі жұмыстың нәтижелілігіне әсер етпейтіндей

деңгейде ұйымдастырылуы тиіс.

Бір тәлімгерге жұмысшылардың қанша оңтайлы саны бекітілуі мүмкін?

Практика көрсеткендей, бағыныштылар саны 4–5-ден аспауы тиіс, ұжым жұмысын

бастайтын және оның негізгі бөлігін жаңадан келгендер құрайтын жағдайларды

қоспағанда. Қазіргі кезде біздің балабақшамыздағы жас және тәжірибелі

педагогтардың арақатынасы шамамен бірдей, сондықтан әр тәлімгердің

бағыныштыларының саны екеуден аспайды. Мектепке дейінгі ұйымдарда (бұдан әрі –

МДҰ) педагогтар жұппен жұмыс істейді, сондықтан мұны тәлімгерлік бойынша

жұмысты барынша сәтті іске асыру үшін қолданамыз.

МДҰ басшысы «тәлімгер – бағынышты» жұбының жұмысын бақылайды, оның

нәтижелілігін бағалайды, өз түзетулерін енгізеді, және қажет болғанда,

тәлімгерді ауыстырады. Бағынышты өз машықтарын жетілдіріп, тәлімгерінің

кәсіпқойлығына жеткенде, оның өзі аса жас педагогтың тәлімгеріне айналады.

Тәлімгер жас педагогпен жұмысты бастағанда белгілі реттілікті ұстанады:

·       мен айтайын, сен тыңда;

·       мен көрсетемін, сен қара;

·       бірге істейік;

·       өзің жаса, мен көмектесемін;

·       өзің жаса, өз жұмысыңды өз бетіңмен талда.

Әр тәлімгер тәлім алушының дайындық деңгейіне, білімі мен машықтарына,

сондай-ақ балабақшаның жылдық міндеттеріне сүйене отырып, жеке жұмыс жоспарын

құрастырады. Жоспарда мыналар көрсетілуі тиіс:

·       бағынышты өткерген негізгі кәсіптік қиындықтар;

·       кәсіби әрекеттестіктің мақсаты мен міндеттері;

·       жұмыс кезеңдері;

·       кәсіби қолдаудың негізгі бағыттары, нысандары, әдістері мен құралдары;

·       жұмыстың аралық және соңғы нәтижелері.

Тәлімгер мен жас маманның өзара

әрекеттестігінің келесі кезеңдерін бөліп көрсетеміз:

·       Диагностикалық (өзара әрекеттестік мақсаттарын

айқындау, өзара түсіністік және сенім ортасын құру, субъектілер міндеттерінің,

өкілдіктерінің шеңберін анықтау, жас педагогтың машықтары мен дағдыларындағы

кемшіліктерді айқындау).

·       Практикалық (бейімдеу бағдарламасын әзірлеу және

іске асыру, жас педагогтың кәсіби машықтарын түзету).

·       Талдамалы (жас педагогтың кәсіптік

бейімделу деңгейін және оның өзінің функционалдық міндеттерін орындауға даярлық

деңгейін айқындау).

 

Просмотров: 3881


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст