"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеленый бор ауылының "Ромашка" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли- сад "Ромашка" села Зеленый бор при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНДЕ ПӘНДІК ДАМЫТУ ОРТАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

17.01.2018

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНДЕ

ПӘНДІК ДАМЫТУ ОРТАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

 

Мектепке дейінгі ұйымда оқу-тәрбие жұмысының басты шарты

– пәндік дамыту ортасын дұрыс құру болып табылады. Дамыту ортасы деп пайдалы

ұйымдастырылған, әртүрлі материалдармен толықтырылған, арнайы жабдықталған

жайлы жағдай деп түсіну керек. Мұндай ортада барлық топ балаларын танымдық

шығармашылық іс-әрекетке бір уақытта белсенді араластыруға болады.

Ортаны құрудың анықтауыш сәті педагогикалық пікір, мақсат

болып табылады. Бұл мақсатқа жету таңдалған білім беру бағдарламасын іске асыру

арқылы жүзеге асырылады.

Дамыту ортасын құра отырып «Ромашка» балабақшасында біз

топтардағы балалардың ерекшеліктерін ескереміз: жасы, даму деңгейі,

қызығушылығы, бейімділігі, қабілеті, құрамы, жеке қабілеті.

Пәндік дамыту

ортасын ұйымдастыруға қойылатын талаптар

 

1. Әрбір жас ерекшелігіндегі топтарда өз бетімен мақсатқа бағытталған

белсенді іс-әрекетке жағдай жасалған (ойын, қозғалыс, бейнелеу, сахыналау).

2. Дамыту ортасының пәндерін орналастыру және ұйымдастыру балалардың

қажеттілігі мен жас ерекшеліктеріне сәйкестендірілген. Мектеп жасына дейінгі

баланың негізгі үш қажеттілігі бар: қозғалыста, қарым-қатынаста, танымдық.

Баланың өзіндік таңдауы болуы үшін ортада жағдай жасалған: кіммен, қайда, қалай

не ойнау керек. Топтағы жабдықтар мен материалдарды таңдау нақты жастағы

баланың даму ерекшеліктерімен анықталады.

3. Даму ортасындағы пәндердің жанжақтылығы. Топтың ішінде балаларға

қажетті, оның дамуына ықпал ететін материалдар ғана болуы тиіс. Егер жақын

арада ойын құралдары пайдаланылмаса оларды қолданыстан шығарып тастау қажет.

Топ материалдар мен оқу құралдарды сақтайтын қоймаға  айналмауы керек.

4. Ұлдар мен қыздардың қызығушылығына сәйкес даму ортасы мазмұнды құрылған.

5. Барлық жас ерекшелігіндегі топтарды демалуға жайлы орындар белгіленген.

          Пәндік дамыту ортасы

мақсаттарды, міндеттерді және білім беру бағдарламасының мазмұнын іске асыруға

мүмкіндік береді.

         

Балалардың дамыту ортасы

 

ОЙЫН ОРТАСЫ

1.   

Сюжетті-рөлдік

ойындарға арналған ойын құралдары,

2.   

Режиссерлық

ойындарға арналған құралдар:

-       

Көпжақты текше;

-       

Үлгілер (үй, гараж,

карта-кесте, ойын аймағы және шымылдық);

-       

Шағын көлемдегі

кейіпкерлердің жиынтығы;

-       

Ертегілердегі

жануарлар;

 

 

САУАТТЫЛЫҚ ОРТАСЫ

Әдеби орталық

1.   

Осы жастағы

балалардың оқуына арналған кітаптар:

-       

халық ауыз

әдебиетінің шығармалары,

-       

қазақ, орыс

халықтарының және әлем халықтарының ертегілері,

-       

қазіргі заманғы

авторлардың шығармалары (әңгімелер, ертегілер, тақпақтар).

2.   

Осы топтың сүйіп

оқитын кітаптары.

3.   

Мерзімді

әдебиеттер.

4.   

Қолға берілетін әдебиеттер

қоры.

5.   

Ауызша шығармашылық

(балалар жасаған жұмбақтар, әңгімелер альбомы)

6.   

Балалардың ермегі

Тіл шығармашылық орталығы

          Тіл дамыту құралдары мен

ойындары және оқу мен жазуды үйренуге баланы дайындау.

1.   

Коллаж – түрлі

суреттер, әріптер, сандар қойылатын немесе жапсырылатын қатты қағаз беті.

2.   

Үстел ойындары.

3.   

«Сыйқырлы кітап»

(балалардың айтуымен құрастырылады және әсемделеді).

Сахыналандырылған іс-әрекет

1.   

Сүйікті ертегілерді

сахыналауға қажетті қалпақ, бетперделер.

2.   

Қуыршақтар театры.

3.   

Қолдан жасалған

ойыншықтар театры.

4.   

Саусақ, қолқап

театры.

5.   

Қатты қағаздан

қиылған бейнелер театры

6.   

Көлеңкелі театр

7.   

Әсем бұйымдар

бұрышы (моншақ, білезік, орамал)

8.   

Сахыналау және

режиссерлік ойындарға арналған құралдар

9.   

Кесінді суреттер

мен жапсырма суреттері бар кітапшалар

10.Кесілген суреттер ойындары.

 

ҒЫЛЫМИ ОРТА

Балалардың тәжірибе жасауы

1. Бөлімдер бойынша материалдар: құм және су, дыбыс, магнит, қағаз, шыны.

2. Көмекші құралдар: үлкейткіш шыны, құм сағат, микроскоп.

3. Түрлі пішінді және көлемді ыдыстар

4. Өлшеуші қасық (балалар тағамынан)

5. Сүзгі мен су құйғыш

6. Түрлі көлемдегі резеңке алмұршалар

7. Сабын салғыштың бір бөлігі

8. мұз салғыш қалып

9. Резеңке қолғаптар

10. Медициналық материалдар (доғал тамызғыш, инесіз піскек, жұмыр шыны,

ағаш таяқшалар)

11. Пластикалық немесе резеңке түтікшелер, коктейл ішетін түтікшелер

12. Гигиеналық, қауіпсіз балалар сусабыны,жұпар иісті ерітінділер

13. Көпсіткіш, араластыруға арналған ағаш қалақшалар

14. Йогурт, қаймақтардан босаған түрлі-түсті стакандар және жайпақ

табақшалар

15. Лупалар

16. Алжапқыштар

17. Тұтқыштар

18. Щетка, қалақ, шүберек

19. Түрлі қағаздар

20. Басқа да заттар: әуе шары, май, балауыз шам

21. Табиғи материалдар

22. Жарамсыз материалдар (тері, ағаш қиындылары, кішкене бұранда)

23. Тәжірибе жүргізуге арналған кестелер

24. Шартты белгілер, рұқсат етілетін және тыйым салынатын белгілер (жұмыс

тәртібі бойынша тәжірибе бұрышында)

25. Келбеті түрлі әсеррлі жағдайларға сәйкес жасалған кейіпкерлер

 

Табиғат бұрышы

1.   

Жасанды және бөлме

өсімдіктері

2.   

Аквариум

3.   

Сәндік құстар мен

сүтқоректілер

4.   

Мерзімді өсімдік

түрлері

5.   

Еңбек орыны

6.   

Бақылау күнтізбесі

7.   

Табиғат күтізбесі

8.   

Үлгі пішіндер

9.   

Жыл мезгілінің

үлгісі

 

Құрылыс құрастыру

ойын орталығы

 

1.   

Түрлі тәсілдермен

бөлшектерді бекіту құрастырмалары.

2.   

Кескін, суреттер,

альбомдар, карталар.

3.   

Ойынға қажетті

материалдар мен құралдар.

 

ҚЫЗЫҚТЫ МАТЕМАТИКА

ОРТАЛЫҒЫ

 

1.   

«Ғажайып қапшық»

ойыны.

2.   

Геометриялық

фигураларды, заттарды түсіне, көлеміне қарай салыстыру және 1-2 белгілеріне

қарай топтау (мысалы: үлкен себетке – үлкен доптар, қызыл қорапқа – қызыл

текшелерді)

3.   

Геометриялық

фигураларды, заттарды түсіне, көлеміне қарай қатарға кезектестіріп қою ойыны.

4.   

Моншақтарды жіпке

тізу, көлеміне қарай кезектестіру.

5.   

Геометриялық

фигураларды түсіне, көлеміне қарай арнайы құралдар арқылы атын атап, айыра

білуге арналған үстел ойындары.

6.   

Геометриялық

мозайка.

7.   

3-4 сақинадан

тұратын бірдей және түрлі көлемдегі пирамидалар.

8.   

Түрлі өлшемдегі

және түрлі қажеттіліктегі киімдер бөлігі.

9.   

Жүйелі іс-әрекетте

берілген алгоритмді ойындар.

10.Көлемдік, сандық, пішіндік қатынастарды игеруге арналған ойындар.

 

ӨНЕР ОРТАЛЫҒЫ

(бейнелеу өнері)

 

Бейнелеу өнерінің құралдары

 

1.   

Бояулар, қылқалам,

қалам, бор, фломастерлер.

2.   

Ақ және түсті

қағаздар.

3.   

Қайшы.

4.   

Ермексаз, сулық.

5.   

Губка, мөртабан,

тампон.

6.   

Шынылар, балауыз

шам.

7.   

Сәндік қолданбалы

өнер заттарының кескіні, киімі.

8.   

Бормен сурет салуға

арналған тақта.

9.   

Ересектер мен

балалардың салған суреттері.

10.Су құятын ыдыс.

11.Табиғи және жарамсыз материалдар.

12.Дидактикалық ойындар.

 

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ

ОРТАЛЫҒЫ (СПОРТ)

 

1.   

Спорт кешені.

2.   

Шағын дене

шынықтыру бұрыштары.

3.   

Ойын құралдары.

 

КҮНДЕЛІКТІ ТҰРМЫС

ЕҢБЕГІ ОРТАЛЫҒЫ

1.   

Балаларды тамақ

дайындауға, киімдерді жөндеуге, кір жууға, үтіктеуге үйретуге арналған заттар

мен материалдар.

 

СЮЖЕТТІ-РӨЛДІК

ОЙЫНДАР ОРТАЛЫҒЫ

1.   

Дәрігер – қызыл

кресті бар телпек, халат, қажетті құралдар.

2.   

Жүргізуші – қауіпсіздік

белдігі, шлем, қолқап, түрлі саймандар көшірмесі, жанар май колонкасы, басқару

тұтқасы.

3.   

Аспазшы – телпек

пен алжапқыш, ыдыстар, тағамдар.

4.   

Ұшқыш – арнайы бас

киімдер, қажетті құралдар, түрлі тетіктері бар басқару құралы.

5.   

Машина жүргізуші –

бас киімі, құрал-сайманы, басқару тетігі.

6.   

Шаштараз – халат,

тарақтар, қайшылар, леген, сусабын, иіссу, сабын, сүлгі.

7.   

Теңізші, капитан – арнайы

бас киімдер, жаға, дүрбі, арқанымен зәкір, жалаушамен діңгек, суға батырмайтын

дөңгелек.

8.   

Ғажайып заттар

жәшігі – қалпақтар, бобина, шарғы, түтікше, текше, діңгекшелер, цилиндр, кегли,

таяқшалар, қоңырау, сөндіргіш, қақпақтар, фанер, поролон бөлшектері, жіптер,

түрлі-түсті қиындылар.

Просмотров: 540


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст