"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеленый бор ауылының "Ромашка" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли- сад "Ромашка" села Зеленый бор при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиясының ерекшеліктері

04.01.2018

Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиясының

ерекшеліктері

 

Мектепке дейінгі балалық – адам өміріндегі қысқа кезең, бар болғаны алғашқы жеті жыл. Бірақ баланы

ересектерден бөлетін дәл осы кезең, қамқорсыз сәбидің біршама толыққанды,

белсенді тұлғаға айналады.

Мектепке дейінгі

жастың психологиялық ерекшеліктері

Жетекші іс-әрекет – ойын, адамдардың іс-әрекеті және мінез-құлық нормаларын игеру.

  • 1 жасқа дейін бала 7-14 сөз қолданады, бір іске
  • назары ауып 15 минут айналысады, «болмайды» деген сөздің мағынасын
  • түсінеді, жүре бастайды (+2 ай).
  • 1,5 жасқа дейін баланың сөздік қоры 30-40 сөзді
  • құрайды, ол жақсы жүреді, тамақ ішеді және оған айтылып отырған сөз екенін
  • түсініп, суреттердегі бейнелерді танып, көрсетеді. Баланың негізгі
  • сұрақтары: не? кім?
  • 2 жасқа дейінгі сөздік қоры – 300-400сөзді құрайды,
  • Баланың негізгі сұрақтары: мынау не? мынау кім? Зат есім, есімдік, сын
  • есім, одағай, етістіктерді игереді. Сөйлем құрауы қалыптасады (қыз
  • балаларда жиі 1,5 жаста). Сұрақтарды қоя білуі баланың ақыл ойының «жақсы»
  • дамуын көрсетеді. Қаламды жұдырығына ұстап сызықтар сала бастайды,
  • текшелерден мұнара орнатады.
  • 2,5 жасқа қарай сөздік қоры 1000 сөзді құрайды.
  • Бағыт-бағдарлы сұрақтар қояды: қайда? қалай? қашан? Бұл жаста тіл дамының
  • тежелуі ойландыруы керек, психикалық дамуы және құлағының ауыр естуіне
  • күмән бар.
  • 3 жасқа қарай – Неге? Деген сұрақ туындайды. Балаға
  • бағыт беретін сұрақтар қойып отырса ол көрген-білгенін айтып береді.
  • Салалас құрмалас тіпті бағыныңқы құрмалас сөйлемдерді қолданады, бұл оның
  • ойлау қабілетінің жетілгендігін көрсетеді. Біреу, аз, көп деген не екенін
  • түсінеді. Бүтін заттың бөлігін көріп танып біледі: құлағынан – қоянды,
  • тұмсығынан – пілді.
  • 3,5 жаста құрастыруды игереді, жоспарлау қасиеттері
  • болады. Түрлі заттармен және сәл кейін – өз құрдастарымен сюжетті-рөлдік
  • ойындардың үзінділері пайда болады. Бала әсерге берілгіш: ұялады, ренжиді,
  • қуанады, қайғырады, мейірімді, қызғаншақ, ниет білдіруге қабілетті.
  • 3-4 жаста – өзін таныту: мүмкін қылықтар: тыңдамау,
  • қырсықтық, теріс қылықтар, қыңырлық, «үлкендерді балағаттау» («Мен, өзім»
  • өзін мақтайды). Жалғыз ойнайды (заттық, құрастыру, сюжетті-рөлдік
  • ойындар).
  • 4 жаста өзі көрмегенді оған түсіндіріп айтып
  • бергенді түсінуге қабілетті. Сурет бойынша мүмкіндігінше толық қарапайым
  • әңгіме құрай алады, ересектердің бастаған сөйлемін ойланып толықтырады,
  • қарым-қатынасқа қабілетті. Негізгі сұрақтары неге? Құрдастарымен
  • сюжетті-рөлдік ойындар ойнайды. Бір іспен 40-50 минутқа дейін айналыса
  • алады.
  • 4,5 жасқа қарай алдына мақсат қоя біледі және оған
  • жетуді жоспарлайды. Не үшін? деген сұрақтар қояды.
  • 5 жаста бала өзінің тегін, атын, әкесінің атын,
  • жасын, мекен жайын, үйге баратын көлікті айта біледі. Құрастырма ойыншықтарды
  • қолдану біледі, кесте бойынша ойыншықты жинайды. Адамның бейнесінің
  • негізгі мүшелерімен суретін салады.
  • 5,5 жаста оқытудың барлық түрлері қолжетімді, ол
  • негізінде оқытуға дайын.
  • 5-6 жаста ересектермен дұрыс сөйлесе алады,
  • ата-аналар тарапынан сүйіспеншілікке, мейірімділікке деген қажеттілігі
  • жоғары, ата-анаға деген махаббаты, бауырмалдығы өседі – басқа адамды жақсы
  • көру қабілетінің қалыптасуы үшін қиын кезең.

 

 

Просмотров: 427


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст