"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеленый бор ауылының "Ромашка" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли- сад "Ромашка" села Зеленый бор при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қыстағы серуенді қалай ұйымдастыруға болады

01.01.2018

Қыстағы

серуенді қалай ұйымдастыруға болады

 

Балалар

қысты өте жақсы көреді, әсіресе оларға қыс ермегі мен ойындары ұнайды. Шана. Әрине, барлық қалада бірдей

еңісті жер жоқ, бірақ алғашқы шанамен сырғанақ ойындары үшін шағын бөктерде

жеткілікті.  Тек алдымен, баламен бірге

серенге шығарда оны қалай киіндіру керектігін ойлаңыз. Балаларды міндетті түрде

табиғат жағдайларын, сонымен қатар температураны және ылғалдылықты, желдің күші

мен бағытын ескере отырып киіндіру қажет. Ең жақсысы қысқы серуен мен ойындар

үшін жылытылған жадағай матасынан тігілген бешпент-шалбар жарайды, ол

қимыл-қозғалысқа ыңғайлы, ал құлаған кезде қар кіріп кетпейді және оңай қағуға

болады. Сонымен, шананы ал да сырғанаққа бар. Бірақ балаға алғашқы сырғанауына

рұқсат бермес бұрын бөктер қармен мүмкіндігінше қалың жабылғандығын және бөтен

кедергі заттардың болмауын (тас, түбіртік, шұқыр және т.б.) қадағалаңыз. Егер

балаңыз жылдам сырғанаудан қорқатын болса, оны итермелемеңіз. Мен Сізге

балалармен бірге сырғанауыңызды ұсынамын, ол өте қуанатын болады. Баланың өзіне

шананы жібінен ұстап төбеге сүйреп шығуға мүмкіндік беріңіз. Шаңғы. 4 жастан бастап баланы

шаңғыға үйрету керек. Қарда шаңғымен алғашқы қадамдар жасау үшін қысқартылған

шаңғылар алған дұрыс – шамадан 15-25 см төмен (шама – бала қолын жоғары созып

аяғына жеткендей). Әрине, егер сіздің жағдайыңыз жетіп жатса жақсы аяқ киім мен

бекіткіш сатып алған дұрыс, бірақ жұмсақ бекітпелерді де пайдалануға болады. Оқушыны

сырғанақ адымдарға үйрету әлі ертерек, оның үйлестіру қабілеті төмендеу. Ал,

төбеден төмен сырғанауға үйрету міндетті. 

Ол үшін шаңғы үшін де тегіс, түзу еңісті жерді таңдаған дұрыс, алғашқы

сырғанау үшін ұзақ болмағаны жөн, алғашқы сырғанауға 10-15 метрде жеткілікті. Барлық

сырғанауларды таяқсыз бастаймыз, себебі құлап жарақат алуы мүмкін. Бала құлаған

жағдайда қуаттап отырыңыз, бірақ өзі көтерілетін болсын. Оны алдығы құлап емес,

отырып және арқаға немесе жанына жұмсақ құлап үйретіңіз. Төмен сырғанап

үйренгеннен кейін, тоқтауды үйретуге кірісуге болады, ол кедергіні байқаған жағдайда

шапшаң тоқтап қалу үшін керек. Өзіңіз әр жексенбі сайын балаларды алып баққа,

серуентоғайға шаңғымен шығуды дағдыға айналдырыңыз, ең жақсысы қыс бойы қаланың

сыртына шыққан дұрыс. Тұрақты қозғалыста таза ауаға шығып тұру баланы

шынықтырады, жүрек-тамырлары жүйесін, тыныс жүйесін және бұлшық ет топтарын

нығайтады. Шаңғы оған денсаулық, жоғары жұмыс қабіттелігі және ұзақ ғұмыр

сыйлайды. Коньки. Әрбір

бала конькиді оңай теуіп үйрене алады және жеңіл-желпі қимылдарды орындай

алады. Бастапқы сабақты кез келген конькимен үйренуге болады, бірақ

мүмкіндігінше арналған бағытына мығым болғаны абзал. Балалармен мұзға шығар

кезде міндетті түрде қауіпсіздік техникасының қарапайым нұсқаулары жүргізіледі.

Сіз аяқ киім бауын дұрыс байлап үйретуіңіз қажет. Конькиді кигеннен кейін тобыққа

ыңғайлы болғандығына көз жеткізу үшін тұрып-жүріп, отырып көру қажет. Алғашқы

сабақтарда балалар ересек адамдардың көмегін қажет ететіндігінтәжірибе көрсетіп

отыр.

Просмотров: 470


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст