Сиқырлы фонарик
«Жұлдыз» орта тобы 2017 жыл
Кейіпкерлер:
Аяз Ата, Ақшақар, Аққала, түлкі бала
Балалар
кейіпкерлері: Аюлар, қояндар, ұлпақарлар, моншақтар
Балалар
музыкамен залға кіреді. Оларды Ақшақар қарсы алады.
АҚШАҚАР: Сәлем саған шыршамыз!
Сәлем
бала бақшамыз!
Сәлем
ата-аналар!
Сәлем,
сәлем балалар!
Мен Ақшақармын көңілді
Орманда сүрдім өмірді
Жаңа жылға арнайы
Алып келдім сендерді
Айналаға қарашы
Шыршамыз тұр жарасып
Бәрі, бәрі көңілді
Би билеп, ән саламыз.
ТАҚПАҚТАР:
ӘН «ШЫРША ЖЫРЫ»
АҚШАҚАР: Жаңа жыл басталып кетті, Аяз Атамыз қайда екен?
Ой, балалар,
балалар
Шыршада хат
тұр, қараңдар
Хатымызды
ашайық
Жазғанын
оқып тастайық.
«Сәлем
бердім баршаңа,
Кешігемін шыршаға,
Сыйлықтарды ұмытпай
Апарамын бақшаға
Еріңдер менің соңымнан
Табасың мені орманнан»
Игра хоровод.
АҚШАҚАР: Мына қыстың қызығы
Боран
борап тастады
Көрінбейді
аспан да
Қарға оранып, жастанды
Кім екен бұл балалар
Келе жатқан сықырлап
Аққала ғой, аққала
Қарды жүр ол сыпырып
(Аққала шығады, музыкамен жерде жатқан қарларды сыпырады, шыршаның алдына
келіп тұрады)
АҚҚАЛА: Үстімде ақ тоным бар
Балмұздақсыз күйемін
Сәбіз менің мұрыным
Сыпыруды сүйемін
(Шыршаның басына қарап
тұрады).
АҚШАҚАР: Аққала
сәлеметсіз бе! /былай айналып/ Сәлем
Аққала!
Түнде
боран бұрқырап
Аққала тұр қатып қап
Маңайды біз оятамыз
Аққаланы жылытамыз
4.ИСПОЛНЕНИЕ ПЕСНИ «СНЕГОВИК».
АҚҚАЛА: Рахмет балалар, мен қозғалатын болдым, алақай! Орманда
не істеп жүрсіңдер?
АҚШАҚАР: Атамыздың хаты бойынша, орманнан мерекеге шақыруға
келген едік.
АҚҚАЛА: Мен өзім Аяз Атаны іздеп жүрмін, ол орман ішінде шығар,
оның басқа да жұмыстары бар емес пе?
Жылтыраған не болды
Сиқырлы деп ойлаймын
Қолшам екен қолайлы
Сиқыр сөзін айтамын
Музыка ойнайды
аюлар үйінен шығады.
5. «АЮЛАР»
БИІ
АЮ бала: Кім
үйімді жарқыратты
Аюларды оятты?
АҚҚАЛА: Ашуыңды бас,
ренжіме
Жарап тұр керегіме
Шарлайсың көп орманды
Көрдің бе Аяз Атаны?
АЮЛАРДЫҢ
БАРЛЫҒЫ: жоқ, жоқ
көрмедік
Қояннан сұрап біліңдер
Тығылып жатыр інінде /кетеді/
АҚҚАЛА: Ақшақар енді сен жағып көрші!
АҚШАҚАР: Сиқырлы қолшам
жол сілте
Қоянға апарар жол ізде
6. «ҚОЯНДАР»
БИІ
АҚШАҚАР: Секіріп барлық орманды
Көрдің бе Аяз Атаны?
ҚОЯНДАР
БАРЛЫҒЫ: жоқ, жоқ
көрмедік
Ұлпалар бәрін біледі
АҚҚАЛА: Ұлпа, ұлпа,
ұлпалар
Би
билеңдер тұрмаңдар
7.
«АҚҰЛПАЛАР» БИІ.
АҚШАҚАР: Барлық жерді
шарлайсың
Көрдің
бе Аяз Атаны?
ҰЛПАҚАР бала: Қар борады
даланы
Көрмей тұрмыз орманды
Түлкі жүрді, торлады.
Сол көрді Аяз атаны.
АҚШАҚАР: Аққала, енді сен
сиқырлы қолшамды жағып көр.
АҚҚАЛА: Сиқырлы қолшам жол сілте
Қу
түлкіні сен ізде
Түлкі келеді.
ТҮЛКІ: Қу түлкімін,
түлкімін
Тұнып
тұрған күлкімін
АҚШАҚАР: Түлкім ау,
түлкім ау, күлкің де қызық ау
Аларсың
бізден батаны, көрдің бе Аяз Атаны?
ТҮЛКІ: Бір құпия ашайын
Қайда
екенін айтайын
Қане
ойнап алайық
Атаны
сосын табайық
Алға бірнеше қадам
Артқа бірнеше қадам
Шыр айналып бәліміз
ойнаймыз
Аяқпенен топ, топ, топ.
Қолымызбен хлоп-хлоп хлоп
Қатты қатты соғамыз
Келеді Аяз Атамыз.
/в перед 4 шага әніне/
Музыкамен Аяз ата
келеді.
АЯЗ АТА: Жарайсыңдар балалар
Қояндар мен қонжықтар
Отырамыз шанаға
Аттанамыз шыршаға
(Музыкамен Атаның артынан ілесіп барлығы тіркесіп
шыршаны айналып бақшаға келеді)
ОЙЫН «Шанамен зыр зыр зыр»
АЯЗ АТА: Құтты болсын
жаңа жыл,
Құтты болсын жаңа нұр
Шыршамызда би билеп,
Ән салып бар бала жүр
ХОРОВОД «МЁРЗНУТ ЩЁЧКИ»
АЯЗ АТА: Ойнамаймын,
шаршадым
Тақпақтарың қайда?
Тыңдаймын!
ТАҚПАҚТАР
АҚШАҚАР: Би биледік, ән салдық
Енді
сергіп алайық
Атаменен
көңілді
Ойын
ойнап алайық
ОЙЫН:
АЯЗ АТА: Бұл не сыңғыр Ақшақар?
АҚШАҚАР: Ата, бұл шыршаның
моншақтары сыңғырлап тұрған, бізге қонаққа келген болар.
/моншақтар
музыкамен шығады/
1-моншақ: Моншақтармыз
бәріміз
Ақпыз,
қара, сарымыз
Барлығына
әрине
Би билеп, ән салмақпыз
2-моншақ: Шыр көбелек айналамыз
Бәріңді
таңқалдырамыз
Қолұстасып
әрине
Жаңа жылды қарсы аламыз
«МОНШАҚТАР» БИІ
АЯЗ АТА: Ойнадық,
күлдік, ән салдық
Жаңа жылды қарсы алдық
Қуанамыз бәріміз
Сыйлықтарды таратып
-
Ол қайда, сақалды
басым ай, қайда? Қайда?
АҚШАҚАР: Ата не болды? Не
Қайда? Не іздеп жүрсің?
АЯЗ АТА: Сыйлықтарымды
айтамын. Ой қара басым ай? Сендерге асығамын деп орманда ұмытып кеткенмін қой!
АҚШАҚАР: Мүмкін қаршықтан
сыйлықтар жасайсын?
АЯЗ АТА: Балаларды жақсы көремін
Оларға
сыйлық беремін
Амал
жоқ енді, қайтейін
Сыйлықты
пісіріп берейін.
Эмалированный тазиктің
ішіне бірнеше сыйлықтар салынады. Тазик жылтырлақпен безендіріледі.
АЯЗ АТА: Саламын мен
апельсин, одан кейін мандарин
Алтын жаңғақ саламын, серпантинді қалаймын
Бәліш, прәндік мұзшалар
Шоколад пен тұшпара
Қуанамын., былғаймын
Балаларға сыйлаймын!
Бәрін салған сияқтымын, мұнда балалардың күлкілері жетпей
тұр ғой. Ақшақар сен балалардан жинап ал, ал сен Аққала қонақтардан жинап сал. (Сиқырлы
музыкамен дорбаға күлкілер жиналады.)
Міне осылай дұрыс. Дорбадағы жылтырлақтарды
салады/ Аққала сен қаршықтарыңды әкел.
АҚҚАЛА: Қазір Ата әкелемін. (қаршықтарды
әкеледі де тазикке салады.).
АЯЗ АТА: Сыйлықтарым
қайнаңдар!
Эники,
беники, эники, беники
Унди,
фунди, чунды – эй!
Сыйлық шықты э-ге-гей!!
(Тазиктен Аяз ата
сыйлықтарды алып шығады)
Сыйлықтар таратылады.
ӘН «КЕЛДІ МІНЕ ЖАҢА ЖЫЛ»
АЯЗ АТА:
Құтты болсын жаңа жыл
Жаңа
бақыт жаңа нұр
Бақыт
қонсын әркімге
Денсаулық
болсын әр үйде
Қош
болыңдар балалар!
Ақшақар
мен Аққала
Қонақтар,
ата-аналар!
Жаңа жыл құтты болсын
Музыкамен Аяз ата кетеді. Балалар залдан шығады.
Атрибуты:
домик медведя, фонарик под ёлку, письмо на ёлку, мешок
с подарками под ёлкой, бусы для танца, мишура снежинкам, 2 мешочка с блёстками
для улыбок, снежки под ёлку, 2-3 подарка в котёл, туда же орешки в фольге,
апельсин, 2 мандаринки, муляж шоколадки, снежинки, серпантин, звёздочки .