"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеленый бор ауылының "Ромашка" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли- сад "Ромашка" села Зеленый бор при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қысқы жарақаттар туралы кеңес

16.11.2017

Ата-аналарға кеңес

 

«Қысқы жарақаттар» туралы кеңес

 

Автор: А. Айтымова – медбике

 

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Мүмкіндігінше табаны қыртысты аяқ киімдер алу керек. Егер

балаңыздың етігінің табаны тегіс болса, аяқ киім шеберханасына барыңызда аяқ

киімді қысқы мезгілге лайықтап беруін өтініңіз. Ал үйде болған жағдайда

табанына қарапайым жабыстырма жабыстырады, бірақ ол ұзаққа жетпейді. Әсіресе

аяқ киім ыңғайлы, қажамайтындай болуы маңызды.

Дала тайғақ болғанда абай болу керек, сырғанақ жерді

айналып өту қажет.

ЖАРАҚАТ АЛҒАН

ЖАҒДАЙДАҒЫ КӨМЕК

Ең бастысы – өз бетіңізше емделуге болмайтындығын және

ұзақ уақыт дәрігерге көрінбей жүре беруге болмайтындығын түсінуіңіз қажет.

Сіңірдің созылуы

Белгілері – қозғалыс кезінде қатты ауырады, іседі, қанталайды.

Не істеу керек? Орап байлау қажет (жұмсақ дәкемен),

буынның қозғалмауын қадағалайсыз және дәрігерге көрінесіз. Ісіктің басылуы үшін

ауырған жерге салқын суға малынған матаны басуға немесе мұз қоюға болады (бірақ

1-2 сағаттан артық емес). Ауруды басатын дәрілер ішуге болады.

Буынның шығуы

Белгілері – қатты ауырып іседі, қозғалтпайды, буынның түрі

өзгереді.

Не істеу керек? Өз бетіңізше буынның шығуын түзетуге

тырыспаңыз, бұл науқасты жанына батып ауыртады және қосымша жарақат алуы

мүмкін. Жарақат алған буынды қозғалыссыз тыныш қою керек: бинтпен орап шәлі

немесе белдікпен іліп қою, аяққа түзу ағаш байлау қажет немесе екінші аяққа

қосып байлап қою қажет. Бөксе шығып кетсе – науқасты сау жағына жатқызып

қозғамау керек. Ауруды азайту үшін – жарақатқа мұз немесе салқын су басып,

дәрілер беру қажет.

Өте қажет болған жағдайда, дәрігер шақыру мүмкін болмаса

– науқасты аса сақтықпен көлікке отырғызып ауруханаға өздеріңіз алып

барыңыздар.

Сынық

Белгілері – аяқ-қолды қозғағанда өте қатты ауырады, ақырын тигенді

де сезеді. Сынған орын өзгеріп, терінің түсі өзгеріп ісініп кетеді.

Не істеу керек? Сынған сүйекті қозғамай мүмкіндігінше

тыныштық бер, қолда бар ағашпен байла немесе сынған аяқ-қолды сауына немесе

денеге қосып байла. Жарақат алған адамға анальгин дәрісін беріңіз, жарақатқа

суық зат басыңыз. Қанап жатқан болса стерильденген мата байла. «Жедел жәрдем»

шақырыңыз, егер мүмкін болса жолшыбай көлікпен жақын жердегі медициналық

мекемеге алып барыңыз, өте сақ болыңыз.

Бас жарақаты

Белгілері – ішінара немесе толығымен есінен тану, құсқысы

келеді, тамыр соғысы бәсеңдейді, қан қысымы өзгереді.

Не істеу керек? Науқасты жалқасынан жатқызыңыз, басын

бұрыңыз, салқын нәрсе қойыңыз. «Жедел жәрдем» шақырыңыз және ол келгенше

жарақат алушыға қозғалуға мүмкіндік бермеңіз.

Просмотров: 573


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст